Өңірлер

ӨДМ әскери полигон мен «Байқоңыр» кешенін ары қарай пайдалану мәселесі бойынша халықаралық келісім жобасын дайындайды – Б.Жәмішев

Өңірлік даму министрлігі әскери полигон мен «Байқоңыр» кешенін ары қарай пайдалану мәселесі бойынша халықаралық келісім жобасын дайындайды, деп мәлімдеді ҚР ӨДМ қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведмство басшысы Болат Жәмішев.
Астана қаласы30 Қаңтар , 11:50

«Республика мен бірқатар облыстар үшін маңызды мәселелердің бірі Ресей Федерациясына жалға берілген полигондарды пайдалану мәселесі», - деді министр.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясымен ынтымақтастық туралы Үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысында аталмыш мәселелерді реттейтін бірыңғай халықаралық келісімді қабылдау туралы шешім қабылданған еді.

«Қазіргі таңда Келісім жобасы ресейлік тараптың мақұлдауын алу үстінде. 2014 жылдың 22 қаңтарында олармен кезекті рет кездесу өткізіліп, онда Ресей жалға алып отырған жерлердің аумағын азайту туралы келісімге қол жеткізілді. Өңірлік даму министрлігі әскери полигон мен «Байқоңыр» кешенін ары қарай пайдалану мәселесін реттейтін халықаралық келісім жобасын дайындайды.

Ведомство хабарламасының мәліметінше, «Байқоңыр кешені бойынша «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы №2 Келісімнің қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Хаттама жобасы дайындалды. Онда Қызылорда облысы Қармақшы ауданының екі ауылын қысқарту қарастырылған.

Қазіргі таңда Хаттама жобасы Ресей тарапынан қаралып жатыр. «Байқоңыр» кешені аумағының Ресейге жалға берілген көлемі 669,97 мың гектарды құрайды», - дейді министр.




Яндекс.Метрика