Өңірлер

2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 6,9 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы қарастырылуда – Б.Жәмішев

Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 6,9 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы қарастырылуда, деп мәлімдеді ҚР ӨДМ қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведмство басшысы Болат Жәмішев.
Астана қаласы30 Қаңтар , 11:15

«Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша барлық қаржыландыру көздері арқылы 6,9 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы қарастырылуда, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 766 мың шаршы метр үй салынбақ. 4 басым бағыт: жалға алу, несиелік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша алға қойылған тапсырмаларды орындау үшін 2014 жылы 129,9 млрд теңге көлемінде қаржыландыру жүргізілді. 206 млрд теңгенің жеткіліксіз қаржыландыру бағдарламасы бойынша 76,3 млрд теңге қарастырылса, ол өз кезегінде кезең-кезеңімен жойылатын болады», - деді министр.

Сонымен қатар, тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін министрлік жанынан құрылған жұмыс тобы қорытындысын ескере отырып «Қолжетімді баспана» бағдарламасына 4 сынып құрылысын 80 мыңнан 90 мыңға  өсіруге бағытталған, 3 сыныпты 90-100 мыңға көбейтуге негізделген түзетулер енгізіледі.

Және де жергілікті бюджеттен бірігіп қаржыландыруды шектеуді алып тастау тұрғын үй құрылысында әкімдіктердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлкеттік-жеке меншік әріптестікті арттырады.

Осыған орай, 2014 жылы кірпіш және панельмен каркас технологиясы бойынша салынатын 3-4 сыныптық үйлердің 5-тен 9 қабаттық тұрғын үйлердің типтік жобаларын дайындау жоспарлануда.




Яндекс.Метрика