Өңірлер

2014 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасы Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасына енгізіледі – Б.Жәмішев

2014 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасы мен тағы да дайындалған шағын қалаларды дамыту бағдарламалары Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасына енгізіледі, деп мәлімдеді ҚР ӨДМ қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведмство басшысы Болат Жәмішев.
Астана қаласы30 Қаңтар , 10:58

«Биыл моноқалаларды дамыту бағдарламасы мен тағы да дайындалған шағын қалаларды дамыту бағдарламаларын Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасына енгізу керек. Ол үшін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарын қайта қарап, шағын қалаларды дамытудың бәскелестік жоспарын қабылдау керек», - деді Жәмішев.

Министрдің айтуынша, моноқалаларды дамыту бағдарламасын қаржыландыру 2013 жылы 3 есеге көбейтілді.

«2014 жылы моно және шағын қалаларды дамытуға баса көңіл бөлінеді. 2013 жылы коммуналдық салада моноқалаларды дамытуға инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін шамамен 195 жоба іске асырылды. Бағдарламаның іске асыру барысы Үкімет деңгейінде қаралып, түрлі семинарлар мен жиындарда да ортаға тасталды», - дейді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде өңірлік саясат саласында әдістерді институциялау аясында ӨДМ-де заңнамалық өзгерістерді дамыту тұжырымдамасы дайындалуда.  




Яндекс.Метрика