Өңірлер

2015 жылға қарсы құрылыс жобаларының 50 пайызы мемлекеттік емес сараптау ұйымдарына беріледі - ӨДМ басшысы

Қазақстанда 2015 жылға қарсы құрылыс жобаларының 50 пайызы мемлекеттік емес сараптау ұйымдарына беріледі. Бұл туралы бүгін ӨДМ кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 10:50

«Құрылымның жетілуін және сараптаудан өткізу үшін арнайы Тұжырымдама құрылды. Сараптау қызметін роформалау Тұжырымдамасы жобалау мен құрылыс та да қолданылады», - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, реформалау жұмысы 2015 жылға қарсы құрылыс жобаларының 50 пайызын,2020 жылға қарсы 90 пайызын  мемлекеттік емес сараптау ұйымдарына беру үшін бағытталған.

«Мемлекеттік сараптауды 2020 жылға қарсы енгізу тек қана бірегей және техникалық күрделі  нысан жобаларының сараптамаларын ғана іріктеп алады», - деді ӨДМ басшысы.

Айта кетейік, 2014 жылдың ақпанында аталмыш заң жобасын Үкіметке, сәуір айында Парламент Мәжілісіне қарауға жіберіледі.

Техникалық реттеу жүйесін реформалау аясында Үкіметтің бұйрығымен ҚР құрылыс саласының нормативтік базасының Тұжырымдамасы мақұлданған  болатын.

Тұжырымдаманың жүзеге асуы жаңа нормативтік базаны құруға мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика