Өңірлер

2014 жылы ӨДМ 2030 жылға дейінгі Астана мен Алматының агломерациясын құру жоспарын дайындайды – Б.Жәмішев

Өңірлік даму министрлігі 2014 жылы 2030 жылға дейінгі Астана мен Алматының агломерациясын құрудың ұзақмерзімді жоспарын дайындайды, деп мәлімдеді ҚР ӨДМ қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведмства басшысы Болат Жәмішев.
Астана қаласы30 Қаңтар , 10:44

«Мемлекет басшысы тапсырмасына сай, министрлік 2014 жылы 2030 жылға дейінгі Астана мен Алматының агломерациясын құрудың ұзақмерзімді жоспарын дайындауы керек», - дейді министр.

Оның айтуынша, жоспарды құруда ведомство бірінші кезекте бұл мәселені әкімдіктермен талқылағаны жөн.

«Алматы агломерациясы бойынша агломерацияның транспорттық маркасын дамыту, әлемдік деңгейдегі туристік орталық құру, серіктес қалаларды мамандандыру, инженерлік инфрақұрылымды дамытуда су тарту жүйесін координациялау керек», - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, Астана агломерациясы үшін жоғары технологиялар, «жасыл» энергетика бойынша инновациялық орталықтар, халықаралық деңгейдегі білім беру-медициналық кластер құру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Астана мен Алматы қалаларын агломерациялау мақсатында 2013 жылы әкімдіктер (Астана мен Алматы) мен сол әкімдіктер жатқан облыстар (Ақмола мен Алматы) әкімдіктері арасында аталмыш агломерацияны дамыту бойынша бірлесіп қызмет ету туралы меморандум қабылданған. Сонымен қатар, 2013 жылы Комиссия құрылып, ел өсімінің ұзақмерзімді полюсі болуы керек Астана мен Алматы агломерациясын дамыту бойынша 2020 жылға дейінгі шаралар Жоспары қабылданған.




Яндекс.Метрика