Білім беру

Қызылорда облысында екі мектеп ашылды

Қызылорда облысының Түгiскен және Еңбекші ауылдарында 2 мектеп ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда 30 Қаңтар, 10:33

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында 600 орындық мектеп пайдалануға берiлдi. Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы  Қырымбек Көшербаев ауыл халқын құттықтады», - делінген хабарламада.

Түгiскендегі білім ордасының ашылу рәсімі кезінде өңір басшысы ақсақалдармен кездесiп, биыл ауылды жандандыруға 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлiнетiнiн жеткiздi. Нәтижесінде әлеуметтiк нысандар ашылып, көгiлдiр отын келедi.

Сондай-ақ, Шиелi ауданының Еңбекшi елді мекенінде 300 орындық мектеп ашылды.

 





Яндекс.Метрика