Өңірлер

2013 жылы «БЖК-2020» бағдарламасы Қазақстаның 36 мың кәсіпкерін қамтыды – Б. Жәмішев

Қазақстанда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 36 мың кәсіпкерді қамтыды. Бұл туралы кеңейтілген алқа отырысында ӨДМ басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 10:20

«Бүгін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы  кәсіпкерлікті қолдаудың ең тиімді және танымал бағдарламасы болып есептеледі. Бүгінгі таңда қолдау шаралары арқасында бағдарлама 36 мыңнан астам  кәсіпкерді қамтып отыр. Бағдарламаның ШОБ бойынша несие үлесі 11,6 пайызды құрады», - деді Б. Жәмішев.

Министр атап өткендей, экономикадағы әрбір 5 жұмыс орны аталмыш бағдарлама бойынша ашылады.

Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы қолданған шаралар бойынша 170 әрекеттегі және 58 жаңа жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға барынша жағдай жасауын тапсырған болатын.

«Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын орындау үшін министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ЭӘДҰ елдерінде іске асырылып жатқан ұстанымдарды барынша молынан енгізуді қарастыратын 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметтерді мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы жобасын дайындады. Тұжырымдаманың басты құралы енгізіліп жатқан және қолданыстағы реттеулерге қатысу сараптамасы болып табылады», - деді Өңірлік даму министрі.

Министрдің айтуынша, «оның қабылдануы кең масштабты заңнамалық тексерістерді өткізуге мүмкіндік беріп, ал ұзақ уақыт пайдаланылса, экономиканы мемлекеттік реттеу тиімділігін арттырады».




Яндекс.Метрика