Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2013 жылы Алматы облысында жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 19,6 мың жұмыс орны ашылды

2013 жылы Алматы облысында жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 19 687 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасай отырып.
Алматы30 Қаңтар , 10:19

«Ашылған жұмыс орындарының көпшілігі ауылдық жерлерде. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтыған негізгі сала – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, білім беру мен денсаулық сақтау», - делінген хабарламада.

Осыған орай 2013 жылы өкілетті органдарға жұмысқа тұру мәселесі бойынша 21 мың жұмыссыз келіп өтініш берген. Солардың 2 мыңы жұмыспен қамту бағдарламаларының тізіміне енгізілді.

Жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың саны 18,5 мыңды құраса, жұмыспен қамтылу деңгейі 87,3% құрап отыр.




Яндекс.Метрика