Ұлттың денсаулығы

Қазақстандықтар ҚР Президентінің Жодауын гүлдену және бейбітшілікпен байланыстырады – Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы І. Аймағамбетов

Біз, қазақстандықтар жыл сайын Елбасының Жолдауын тағатсыздана күтеміз. Оны болашақпен ғана емес, балаларымыздың болашағымен де байланыстырамыз. Сондай-ақ, бұл құжатты бейбітшілік пен гүлденудің белгісі ретінде қабылдаймыз, дейді Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Ізбасқан Аймағамбетов.
Ақтөбе30 Қаңтар , 10:15

«Біз күткен сенім ақталады. Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында Қазақстан өзінің еңбекқор халқының арқасында осындай дәрежеге жеткенін үлкен тебіреніспен айтады», - деді І. Аймағамбетов.

Аймағамбетовтың айтуынша, Ел Президенті Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне нақты тапсырмалар қойды.

«Құжатта әлеуметтік саланың белгілі даму көрсеткіштері көрсетілген. Президенттің кезекті Жолдауы «Қазақстан – 2050» Стратегиясының жалғасы, бағыттаушысы. Президент әр Жолдауында медицина мен салауатты өмір салтына көп көңіл бөледі. Бұл өте маңызды, себебі бұл әлемде адамнан құнды ештеңе жоқ. Оның денсаулығы мен өмір сүруі ел үшін қымбат. Мықты денсаулық – кез келген қоғамның әлеуметтік , экономикалық дамуының көрсеткіші. Халықтың денсаулығын қорғау үкіметтің басты назарында болуы тиіс. Халықтың денсаулығы әр түрлі факторлармен байқалады. Олар: жұмыс жағдайы мен өмір сүру сапасы және медициналық көмектің сапасы», - деді І. Аймағамбетов. 




Яндекс.Метрика