ҚР ИИДМБ

Соңғы 5 жылда жеңіл өнеркәсіптің өндіріс көлемі 2,3 есеге артты

2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы ҚР-да жеңіл өнеркәсіптің өндіріс көлемі 2,3 есеге артып, 65,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасы.
Казахстан 30 Қаңтар, 10:03

«Текстиль өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2013 жылы 2008 жыдмен салыстырғанда 132 пайызды құрап, өндіріс көлемі 2,7 есеге артса, аяқ-киім, былғары мен былғары бұйымдарының өндірісі 50 пайызға көбейген. Бұның басты себебі бизнестің дамуына инфрақұрылымды жетілдіру арқылы Индустрияландыру картасы жобаларын енгізуде мемлекеттік қолдау шаралары», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті бастау шарттары бойынша кәсіпкерлерді оқыту семинарлары мен тігін ісі және былғары өңдеу технолгиялары семинарлары өткізілді.

2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында ҚР-да текстиль бұйымдары өндірісі көлемі 30,1 млрд теңгені құрады. Өнімнің негізгі бөлігі, яғни 17 млрд теңгесі ОҚО-да өндірілген.

Осыған орай 2013 жылдың 11 айында киім өндірісі 25 млрд теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл өнеркәсіп текстиль, тігін, сонымен қатар былғары өңдеу мен жүн аяқ-киімдерін тігу секілді негізгі өнеркәсіп түрлерінің басын біріктіріп, 20 шақты салаларды қамтитын кешенді сала түрі.





Яндекс.Метрика