Өңірлер

Президент қойған тапсырмалар қуатты мемлекет құру үшін өте қажет – «БухтарминскаяГЭС» АҚ президенті С. Рубцов

Президент өзінің Жолдауында қойған тапсырмалар оңай емес, бірақ қуатты мемлекет құру және адамдардың өмірін жақсарту үшін өте қажет, деді «БухтарминскаяГЭС» АҚ президенті Сергей Рубцов.
Шығыс Қазақстан30 Қаңтар , 09:43

«Президенттің  жеңіл емес  тапсырма қойғаны өте маңызды. Мәселен, нанотехнологиялардың дамуы, шикізат базасын мемлекетте өзге шығарылатын заттарға бағыттайды. Сондай-ақ, тағы бір тақырып қозғалды, ол геологиялық зерттеулер. Себебі, бұл тақырып осы күнге дейін аса қозғалмайтын тақырыптардың бірі болатын», - деді С. Рубцов.

Сонымен қатар, ол агроөндірістік кешеннің дамуы елде үлкен рөл алатындығын айтты. Бұл түр Қазақстанның дәстүріне терең бойлаған, себебі оның дамуының арқасында қазақстандықтар  сапалы тауарға ие болады.

«Әрине, Президент Жолдауда қойған барлық тапсырмалар қазақстандықтар үшін үлкен мәнге ие. Ал, «барлығына бей-жай қарамай, тағдырды халықпен бірге құрыңдар» сөзі бұл Жолдаудың орындалуына айтылған түрткі», - деді С. Рубцов. 




Яндекс.Метрика