Өңірлер

2016 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында химиялық кластерді құру аясында 4 зауытты іске қосу жоспарланып отыр

2016 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында химиялық кластерді құру аясында 4 зауытты іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы Қазақстан біріккен химия компаниясына сілтеме жасай отырып.
Жамбыл30 Қаңтар , 09:30

«2016 жылы Шу ауданында 4 зауыт іске қосылмақ. 2020 жылы химиялық парк территориясында 3,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жалпы инвестиция көлемі 3,5 млрд долларды құрайтын 16 өндіріс жұмыс істейтін болады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық зонасы Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан. Оның жалпы аумағы 505 гектарды құрайды.

Жобамен Журонг Сингапур компаниясы мен Қазақстан біріккен химия компаниясы айналысады.

Айта кету керек, химиялық парктің басым бағыттағы қызметтері ретінде химия өнеркәсібі өнімдерін, каустикалық сода, хлорид кальций, рәзеңке және пластмасса бұйымдары, түрлі минералды материалдар, химия өнеркәсібінің машиналары мен құрылғыларын өндіру болмақ.




Яндекс.Метрика