Энергияның балама көздерін дамыту

Ақмола облысында 2014 жылдың соңында тұңғыш жел электр бекеті іске қосылады

Ақмола облысы Ерейментау ауданында жыл соңына 18 млрд теңгенің дейін жел электр бекеті іске қосылады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола30 Қаңтар , 09:25

«Ақмола облысында үдемелі индустриалды инновациялық бағдарлама аясында биыл жыл аяғында жаңа жел электр стансасы іске қосылады. Бұл аймақтың  жасыл экономикаға бет бұрыс жасаудағы қадамы деп айтуға болады. Жобаның жалпы құны 18 млрд  теңгені құрайды», - делінген хабарламада.  

Бүгінгі күні өндіріс орны бой көтеретін жерде  стансаның іргетасы қаланып, 19,5 шақырым техникалық жол өтімсалынған. Сондай-ақ,  қажетті нысандардың секциясы мен  қоймалар жасалған. Жел электр стансасының алғашында өндіретін электр қуаты 45 МВт басталып, кейін 300 МВт -қа дейін жеткізілетін болады.

Сонымен қатар, ауданда желден электр энергия өндіретін тағы бір жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда оны «Шеврон Мунайгаз Инк» компаниясы жасап жатыр. Жылына 30-50 МВТ электр қуатын өндіретін жобаның жалпы құны, 35 млрд 777 млн теңгені құрайды. Жасыл экономикаға негізделген бұл нысан 2017 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

 

 




Яндекс.Метрика