Адами капитал

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға дайын

Ақтөбе қаласында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақтөбе30 Қаңтар , 09:00

«Жиналыс барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға байланысты жұмыстардың негізгі межелері белгіленді. Ақтөбе гарнизоны әскери қызметшілері мемлекет басшысының идеялары өздеріне қанат бітіргендігін және Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуы үшін бар күш-жігерлерін арнайтындықтарын атап өтті», - делінген хабарламада.

Жиынға қатысушылар алдағы 15-17 жыл Қазақстанның жетістігінің жылдары болып саналатынын атап өтті.

«Стратегия – бұл қазақстандықтардың өмірін және еліміздің өркендеуін күн сайын, жыл сайын жақсартатын нақты істердің бағдарламасы деп атап өтті. Сонымен бірге оң нәтижеге жету үшін әрбір адам тиімді жұмыс істеуі тиіс. Президент мемлекеттің басты міндеті – нақты жағдай жасау,-деді. Және де біздер, әскери қызметшілер үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған. Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша әскери қызметшілер баспанамен қамтамасыз етілген, қазақстан армиясы қазіргі заманғы әскери техникамен, қару-жарақпен жабдықталған», - деді әскери қызметшілер.

 




Яндекс.Метрика