Ұлттың денсаулығы

Ресей экспортының Қазақстанға келуін тоқтату ресейлік дәрілердің тапшылығын тудырмайды – Ш. Ахмет

GMP стандартына сай келмеуіне байланысты Ресей экспортының Қазақстанға келуін уақытша тоқтату Ресейлік дәрілердің тапшылығын тудырмайды, деп «Фармация-СК» ЖШС бас директоры Шолпан Ахмет хабарлады.
Астана қаласы29 Қаңтар , 17:45

«2014 жылы тіркелген дәрілердің GMP болуы талап етіледі. Ал тіркеліп айналымға енген дәрілер Қазақстан нарығына жіберіле береді. Қайта тіркелген препараттар GMP-ға ие болулары тиіс», - деді Ш. Ахмет.

ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова  айтқандай, қазақстандық дәрі өндірушілеріне GMP талабы әлі енген жоқ.

«Меніңше, GMP тәртібін қолданбайтын болсақ  Қазақстан сапасыз өнімдердің ортасында қалады. Себебі, бүкіл әлем GMP талабы бар препараттарды ғана қабылдайтын болады. Отандық өндірушілер үшін біз дәліз жасадық. Бұл тәртіп күшке тек бірнеше уақыттан кейін бірақ енеді», - деді ҚР ДСМ басшысы. 




Яндекс.Метрика