Өңірлер

Шығыс Қазақстан облысында оралмандар 11 шаруа қожалығын ашты

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында оралмандар 11 шаруа қожалығын ашты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Қаңтар , 17:22

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасымен Бесқарағай ауданы Долон ауылынан 4700 гектар жер телімі «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша қоныстанған қандастарға берілді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алған олар 11 шаруа қожалығын ашты», - делінген хабарламада.

Кәсіпкерлердің бір бөлігі мал асыраумен айналысады. 5 шаруа қожалығы қызанақ, қияр, орамжапырақ, картоп секілді көкөніс өсіріп күндерін көреді. Аталмыш өнім ауданмен қала дүкендеріне, аулыл шаруашылық өнімі жәрмеңкесіне қойылады. Осы арқылы олар негізгі тұтыну тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Курчатовта ауыл  шаруашылық бағыттағы жер болмағанымен, қала халқын ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету үшін қала билігі жергілікі халықтың ауыл шаруашылығымен айналысам дегеніне өз деңгейінде қолдау көрсетіп келеді.

«Басты мәселелердің бірі шаруашылық мақсатқа бұрынғы полигон жерлерін арнау немесе ол жерлерді де ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану.

2013 жылдың 6 желтоқсанында бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерін қолдану мүмкіндіктері туралы ұсыныс бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілген», - дейді қала әкімі Димитрий Гариков халыққа есеп беру барысында.




Яндекс.Метрика