Білім беру

2015 жылы Көкшетау ТЖМ техникалық институтының Астанадағы филиал ғимараттарының құрылысы басталады - В. Божко

2015 жылдан бастап Астанада КТИ ғимараттарының құрылысы басталады, деп ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 17:22

 «Қазіргі таңда біз азаматтық қауіпсіздік мамандарын, химиялық, биологиялық, радиациялық  шабуылға қарсы қорғаныс офицерлері дайындайтын ТЖМ оқу орынын Астанада ашу мәселесін қарастырып жатырмыз. Мұндай тапсырманы бізге Республикалық жедел штаб берген болатын.

 Бүгінде акиматтан бізге жер бөлінді, жобаның экскизі бар. Енді, КТИ ғимаратын Астанада салуды 2015 жылы бастасақ деп отырмыз», - деді  ведомство басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда ведомстволық білім беру жүйесін жетілдіру керек.  Сонымен бірге Көкшетауда оқу алаңдары мен техникалық профильдің мамандарын ұстаз ретінде жұмысқа тарту үшін мүмкіндік жоқ және оқу орнының материалдық базасы талапқа сай келмейді.

«Біздің КТИ күні бүгінге дейін кезінде өрт күзетінің бастықтары білімін жетілдірген ғимаратта отыр. ТЖМ өрт жүйесінің ауысуына дейін Алматы, Павлодар Көкшетау қалаларындағы өрт қызметінің  3 оқу орталығы болатын. Олардың екеуі ІІМ меншігінде қалса, соңғысы оқу орынының талабына сай емес», - деді министр.




Яндекс.Метрика