Білім беру

Талдықорғанда балабақша ашылды

Бүгін Талдықорған қаласының Мүшелтой ықшам ауданындағы «Құлыншақ» балабақшасы ашылды.
Алматы 29 Қаңтар, 17:13

«Коммуналдық  меншікке  қайтарылған   балабақша  300  орындық пен 14 топқа лайықталып, күрделі  жөндеуден  өтті. Мекемені күрделі  жөндеуден өткізу үшін  470 млн. теңге  бөлініп, қаржы  толығымен  игерілді», - делінген акиматта.

Аймақ басшысы Аңсар Мұсахановтың мәліметінше, 2014 жылы «Балапан» бағдарламасы арқылы 9 балабақша ашу жоспарланған.

«Жалпы, 2013 жылы облыста  3270 орындық 32 балабақша мен 140 орындық 5 шағын орталық ашылды. Талғар және Көксу аудандарында мектепке дейінгі мекеме ашылды. Жалпы, 3560 орын қолданысқа берілді», - деді облыс әкімі.

Мектепке дейінгі мекемемен қамту 60,3 пайызды құрайды. Қазіргі таңда облыста 241 балабақша мен 436 шағын орталық жұмыс істеуде.

 





Яндекс.Метрика