«Сіздер медициналық холдинг базасында онкологиялық орталықты ашу жоспарын білесіздер. Бүгінгі таңда ми қатерлі ісігінің бөлімі құрылды, жалпы онкология, балаларға арналған онкохирургия кабинеттері құрылып жатыр. Орталық аясында болашақта технологияларды құрып, бүгін жұмысты бастап жатырмыз», - деді К. Алибек.
Кеннет атап өткендей, холдинг инновациялық орталыққа айналуы тиіс. Ол Қазақстандағы жаңа технологиялардың трансфертін дайындауға атсалысуы керек.
«Сондай-ақ, холдинг алдында Назарбаев Университетінің базасында медициналық мектеп ашу жоспары тұр. Ол әрине, әлемдік стандартқа сай болуы тиіс. Білім беру толығыменн ағылшын тілінде жүреді. Жақсы элементтерді Қазақстан бойынша насихаттаймыз», - деді ол.