Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Талдықорғанда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер тапсырылды

Талдықорғанда «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Казахстан01 Наурыз , 00:00

Денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік қызметкерлерге, сонымен қатар аз қамтылған тұрғындарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге пәтер кілтін тапсырған облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың мәліметінше, 200 пәтерге арналған 4 үй (1 коммуналдық, 1 жалға берілетін және 2 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы бойынша) пайдалануға берілген. 

«Сонымен қатар, өткен жылдан бері Талдықорғанда тағы 4 үй салынып жатыр, 7 үй ағымдағы жылы салына бастайды», - деп атап өтті А.Мұсаханов.

Әкімнің сөзіне қарағанда, өткен жылы Алматы облысында 850 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. 

Облыс әкімі өңірде «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.




Яндекс.Метрика