Халықаралық интеграция

ЭБЖМ басшысы мен Азия Даму банкінің вице-президенті Астанада АДБ - ның отырысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (Қазақстандағы АДБ басқарушысы) Ерболат Досаев Азия даму банкінің вице-президенті Брюс Дэвиспен кездесті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:45

Екі жақ Астанада мамырдың 2-5 аралығында АДБ-ның 47-ші жыл сайынғы отырысын  ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне тоқталды.

Ол  Қазақстан экономикасын жандандыру және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қолдау білдіретін АДБ-мен тығыз байланыс жасауға ерекше мән беретіндігін.

«Астанада өтетін АДБ 47-ші жыл сайынғы отырысына дайындық жоғарғы деңгейде өтеді»,-деді Ерболат Досаев.

Жақында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен Ұйымдастыру комитетінің отырысы өткен болатын. Отырыс барысында Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Нақты айтқанда, Оңтүстік-шығыс Азия бағытынан Астанаға қатынайтын тікелей әуе рейстерінің санын көбейту және қатысушыларды визамен қамтамасыз ету тапсырылды.

Алдын-ала жасалған болжам бойынша Астанада өтетін АДБ отырысына 3500-ден 5000 адамға дейін қатысады. Мәселен, отырысқа АДБ мүше-елдерінің басшылары, АДБ-ға мүше-елдердің қаржы министрлері, ірі халықаралық банктер мен қаржы ұйымдарының басшылары, сондай-ақ, мемлекеттік, үкіметтік емес және өзге де ұйымдардың бас мамандары қатысады.

Айта кетейік, Қазақстан үшін 2012-2016 ж.ж арналған АБД жаңа стратегиясы жұмыс істейді. Ол Қазақстан мен АДБ арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтудың жарқын дәлелі болып,  экономика, көлік, энергетика, қала құрылысы, шағын және орта бизнесті әртараптандыруды қолдауға бағытталады.

Сондай-ақ, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліздерді қайта құру» АДБ ірі жобаларының бірі болып табылады. Аталмыш жоба «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліздердің Қазақстан бойынша қарқынды жылжуын қамтамасыз етеді. Сәйкесінше транзиттік жүктердің айналымын көбейтеді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика