Өңірлер

В.Божко: Өрт қауіпсіздігіндегі рұқсаттама құжаттарының саны 8 есеге азайды

Өрт қауіпсіздігіндегі рұқсаттама құжаттарының саны 8 есеге азайды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ қызметкерлерінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Владимир Божко мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:32

«2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауында Мемлекет басшысы кезекті рет кәсіпкерлікке кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту туралы тапсырмасын берді. 2013 жылдың басындағы Президенттің алғашқы сынынан кейін-ақ біз оны шешуге кірісіп кеттік. Біз өрт қауіпсіздігіндегі рұқсаттама құжаттарының санын 8 есеге дейін, тексерістер санын 46 пайызға, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша рұқсаттама құжаттары санын 5 есеге, осыған байланысты тексерістерді 42 пайызға азайттық», - деді В. Божко.

Оның айтуынша, қызметтердің тек лицензияланған түрлерімен 23 түрі бойынша рұқсаттама алынып тасталды.

«Қазақстан экономикасының үлкен жетістігінің бірі экономиканың негізгі күшке ие нысандарының жеке меншіктің қолында болуы. Олар өз кезегінде барлық тексеріс ұйымдарының негізгі тексеріс нысандарын қамтиды. Жоғарғы қауіптілік деңгейі бар жеке кәсіпкерліктің 1851 нысаны біздің тарапымыздан орташа деңгейге өткізіліп, жылына бір рет емес, 3 жылда бір рет тексерістен өткізілетін болады. 18862 орташа қауіптілік деңгейіндегі нысан төменгі деңгейге ауыстырылды», - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы ҚР-да кәсіпкерлерді тексеріс қорытындысы бойынша кеңейту тәжірибесін енгізу шешімі қабылданды.

«Елбасы өзінің халыққа Жолдауында бізге ҚР ҰКП бірлесе жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін әдістемелік көмектің тиімді механизмін жасақтауды тапсырды. Осы ретте, бізге профилактикалық, насихаттық-түсіндірме жұмыстарды барынша көбейтіп, бизнес қауымдастығында өртке қарсы қатаң инспектор ретінде кәсіпкер алдымен өзін елестету керек деген түсінік қалыптастыруымыз қажет. Яғни, бизнес өкіліне қанмен жазылған өрт және өндірістік қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану арқылы жеке мүлігін қырағыдай қору қажеттілігін түсіндіру», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол, ТЖД бастықтарына, өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстары қызметтеріне әдістемелік көмек пен насихаттық жұмысты күшейтуді тапсырды. 
«Кәсіпкерлер түсіндірме жұмыстарын кезекті тексеріс ретінде қабылдамас үшін жаңа ережелерді Прокуратура мен ҰКП мақұлдап алған абзал. Сондай-ақ, ғимаратпен танысып біткен соң, кәсіпкерлерге ұсыныстар жіберген жөн. Біз прокуратураның шағын және орта бизнес өкілдеріне тексеріс нәтижесі бойынша айыппұл салмау фактілерін, қалыптасқан үрдіс бойынша ТЖМ инспекторының жұмысын сыбайлас жемқорлыққа баламауға қол жеткізуіміз керек», - деді В. Божко.

 

 




Яндекс.Метрика