Өңірлер

Аймақтардағы ТЖД мамандары су тасқыны кезінде аса қауіпті аймақтарды анықтау керек- В.Божко

Аймақтардағы ТЖД басшыларына бүгіннен бастап аса қауіпті аймақтарды анықтауға кірісу керек, деп ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:17

«Негізі су тасқынына дайындық бойынша мәселе наурыз айында өтетін Үкімет отырысында қаралады. Сол себепті, ТЖД басшылары қазірден бастап аса қауіпті аймақтарды белгілеп, өздерінің дайындықтарын пысықтап алғандары жөн», - деді Божко.

Ведомство басшысы атап өткендей, аймақтарда  су тасқыны кезінде көрсетілетін көмек пен оған дайындық жұмыстарын комиссияда қарау керек. Сонымен бірге, жолдарды қардан тазалау және қақаған аязда қалай көмек көрсетіліп жатқанын назардан тыс қалдырмаған жөн, деді ол.

 В. Божконың айтуынша, өткен жылы алдын ала қабылдаған шаралардың арқасында зардап шеккендер көп болмады. Бұл ретте дер кезінде бөлінген қомақты қаржыны да атап өткен жөн. Қаржыландырудың жеткілікті дәрежеде жүргізілуінің арқасында қалалардан 7,5 млн. текше метр қар, тұрғын үйлер мен ғимараттардың аулаларынан 425 текше метр еріген қардың сулары шығарылып тасталды. Бүдан басқа, 759 гидротехникалық нысанға тексеріс жүргізіліп, оның 154 күрделі жөндеуден өтіпті. 




Яндекс.Метрика