Білім беру

Заманауи инновациялық оқыту әдістерін мектепке дейінгі кезден бастап енгізу керек – «Балақай» МБМ директоры

Заманауи инновациялық оқыту әдістерін мектепке дейінгі кезден бастап енгізу керек, дейді «Балақай» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің директоры Наталья Каюдина ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы жайлы айтқан пікірінде.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:10

«Нұрсұлтан Назарбаев жоғарғы және орта білім беру жүйесінің дамуында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңызына тоқталып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңа әдістерге өту қажеттілігін атады. Мен мұнымен толықтай келісемін. Заманауи инновациялық оқыту әдістерін мектепке дейінгі кезден бастап енгізу керек», - дейді Н.Каюдина.

Осы мақсатта, «Балақай» мектепке дейінгі білім беру мекемесі директорының айтуынша, бүлдіршіндердің танымдық деңгейін дамытып, логикалық ойлау жүйелерін жетілдіру керек. Осы орайда шахмат ойынына үйрету, жобалау әдістерін игерту, интерактивті технологиялар арқылы ерте кезден үш тілді үйретудің пайдасы зор.

«Президент «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту ұсынысы туралы айтты. Оның толық орындалған жағдайында мектепке дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз етуге болады. Менің ойымша, қазірден бастап жаңа балабақшалар ашып, құрылысқа кірісу керек. Осы мақсатта инвесторларды да тартқан жөн. Айта кетейік, біздің балабақша «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша салынған. Біз балалардың ерте жетілуі мен дамуы үшін барлық жағдайды жасаудамыз және ҚР Президентінің тапсырмаларын толық орындауға талпынамыз», - дейді Н.Каюдина.




Яндекс.Метрика