Ұлттың денсаулығы

В.Божко: 2013 жылы Медициналық апат орталығы арқылы 3 мыңнан астам адам құтқарылды

2013 жылы Медициналық апат орталығы тарапынан 3030 адам құтқарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ қызметкерлерінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Владимир Божко мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қаңтар , 15:49

«Медицина апаты, психологиялық қызмет жүйелерін дамыту жұмыстары жалғасуда. 2013 жылы Медициналық апат орталығы тарапынан 2573 жедел шығу ұйымдастырылып, 3030 адамға медициналық қызмет көрсетілді», - дейді министр.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпті аймақтарының 12 трассалық медициналық-құтқару пунктіне қосымша тағы 14 пункт қосылып, оларға 26 отандық өндірістің реанимобильдері алынды.

Жедел әрекет ету бригадасы 1098 рет шығып, 22028 адамға медициналы қызмет көрсетті. Апат орнынан 673 адам медицина мекемелеріне әкелінді.

«Үш медицина поезы «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан»,  «Деңсаулықтан» барлық облыстың ең шалғайдағы 301 елді-мекенінен 64 мың тұрғын тексерістен өткізілді. 2012 жылғы көрсеткіштен 21 пайызға артық болатын 293 мың диагностикалық процедура жасалды. Сонымен қатар, 658 шағын амбулаториялық операция жасалды. Бұл көрсеткіш 2012 жылғыға қарағанда 32%-ға артық. Бұның барлығы еліміздің шалғайдағы ауыл тұрғындарына қызмет көрсету қажеттілігін сезінуімізден туындап отыр», - дейді министр.  




Яндекс.Метрика