Өңірлер

Қазақстанда 2013 жылы өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға төмендеді - В.Божко

2013 жылы Қазақстанда өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға төмендеді, деп ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 15:38

«Өткен жылы біз қызметімізде жақсы динамикаға қолжеткіздік. Өндірістік кәсіпорындарда болған төтенше жағдайлар мен тілсіз жау өрттен зардап шеккендер саны 7,5%-ға, көз жұмғандар саны 18%-ға төмендеді», - деді министр.

Оның айтуынша, жақсы көрсеткішке ведомство таулы жерлер мен суайдындарындағы өрт, күртік қар, су тасқындары кезінде сауатты жүргізілген құтқару операцияларының арқасында қол жеткізіпті.

 «Жалпы, 2013 жылы ТЖМ  56 534 рет құтқару операцияларын жүргізіп, 6748 адамды аман алып қалған. Ал, қауіпті аймақтан 6651 адам көшіріліп, зардап шеккен 3667 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны  18%-ға төмендеген», - деді В. Божко.

Бүгінде елімізде азаматтық қорғанысты арттыру мақсатында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.  

«Қалалық және қала сыртындағы мемлекеттік басқару ұйымдары мен басқармаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардағы азаматтық қорғанысты күшейту мақсатында қатаң бақылау жүргізілуде», - деп ведомство басшысы В. Божко өз ойын толықтырды.

ҚР ТЖМ кеңейтілген кеңесінің отырысына Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік  Кеңесі, Премьер-Министрдің кеңсесі, ҚР ТЖМ қарасты ұйымдардың және олардың бөлімшелерінің, Алматы, Астана қалаларындағы және облыстардағы ТЖ департаментінің бастықтары қатысты.

 





Яндекс.Метрика