Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Сарапшы: «Қазақстан-2050» - еліміздің көптеген көрсеткіштер бойынша жетістіктерге жету кепілі

«Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл жарқын болашақ кепілі, көптеген көрсеткіштер бойынша білім мен денсаулық сақтау саласында да жетістіктерге қол жеткізуді білдіреді, бұл қазақстандықтар үшін өте маңызды. Бұл жөнінде «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институтының сарапшысы Салтанат Ермаханова айтып берді.
Астана қаласы20 Желтоксан , 00:00

«Мен көптеген қазақстандықтардың пікірімен келісемін. Биылғы жолдау – бұл, мәні жағынан, екінші ұзақ мерзімді стратегиялық құжат, ол бізге өөзіміздің кім екенімізді және болашақта қалай дамитынымызды көрсетеді. 2050 жылға дейін міндеттер қойылады, олардың арасындағы негізгілерінің бірі 30 дамыған елдің қатарына кіру болып табылады», - дейді ол. 

Сарапшы Стратегия елдің болашақта көп көрсеткіштер бойынша жетістіктерге жетуін анықтайтынын атап айтты. Үлкен жұмыс жасалды және осы қарқында жалғастыруымыз қажет. Әрбір қазақстандық қойылған мақсаттарға қол жеткізу – халықтың ортақ міндеті екенін түсінуі керек. 

«Қазақстан-2050» стратегиясы еліміздің кез келген азаматына түсінікті, бұл өте маңызды. Және осы Жолдауда қойылған міндеттер мен мақсаттарды біз таяу болашақта іске асыратындығымызға күмән жоқ. Бұл өз еліне сенетін әрбір қазақстандықтың парызы», - деп қорытындылады Ермаханова.




Яндекс.Метрика