Өңірлер

Мәжіліс Қылмыстық кодексті бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс Қылмыстық кодексті ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қаңтар , 15:00

«Әрбір жаңа өзгерістің артында адамның және оның отбасының тағдыры тұр. Сондықтан, жаңа Қылмыстық Кодекс, біріншіден, кез-келген теріс әрекеттерге жол бермеуі керек. Екіншіден, жазалаудың да әділ жолын қарастыруы қажет. Сол кезде ғана бұл заң елімізге де, халқымызға да қызмет ететін болады»,- деп Н. Нығматулин нақтылап өтті.

Кодекс жобасы тәжірибе бойынша жауап беретін өз құрылымын сақтайды, оның ішінде: Жалпы және Айрықша бөлімдерінде.

Жаңа редакция қылмыстық жазалау түрлерінің, қылмыс ұғымының түбегейлі түрде өзгертілуіне, пробациялық бақылаудың жетілдірілуіне, бір бөлігі қазіргі таңда қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және енді қылмыстық-құқықтық салаға ауыстырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтар институтының енгізілуіне байланысты.

Сондай-ақ,  жобасын қабылдау, жалпы алғанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді түрде қорғалуын қамтамасыз ететінін, құқық бұзушылықтар профилактикасының тиімділігін арттырады. 




Яндекс.Метрика