Халықаралық интеграция

Қазақстан экпорттың құрылымы бойынша экспорты бір тауарға барынша шоғырланған әлемдегі 20 елдің қатарына кіреді - М.Майкенов

Қазақстан экпорттың құрылымы бойынша экскортты барынша бір тауарға шоғырланған әлемдегі 20 елдің қатарына кіреді және экспортты әр тауарға шаққанда - 0,42% келеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық экспорт стратегиясын талқылау барысында «Kaznex Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов хабарлады.
Астана қаласы29 Қаңтар , 13:50

«Жалпы, экспорттың бір тауарға шоғырлануы бойынша халықаралық көрсеткіш болады. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша әлемдегі 20 елдің қатарына кіреді және елімізде бір тауарға экспорттың шоғырлануы  0,42% келеді. Бұл рейтингте Біріккен Араб Әмірлігі, Әзірбайжан сынды бірқатар елдер орын тапқан. Оларда бұл көрсеткіш едәуір жоғары. Ал, Норвегия, Канада, Нидерланды да ол небәрі 0,03-0,04 аралығында. Сонымен қатар, бұл тізімге Германия мемлекеті де енгізіліпті. Экспортталатын тауарлардың 10% бір түрлі болып келеді. Дәл осы көрсеткішке жетуге Қазақстанда ұмтылуы керек», - деп М.Майкенов ағынан жарылды.

Оның мәліметтері бойынша, соңғы бес жылда өңделген тауарлардың экспорты 6%-ға өсіп, бүгінде экспорттың 25% құрапты.

Сонымен бірге, М.Майкенов экспорттық қоржын бізге қысқа уақытта экспортты әртараптандыруға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

«Егер біз қандай тауарды экспорттайтынымызды білетін болсақ, сол кезде  ғана мемлекет аталмыш саланы одан әрі дамыту үшін көмектесетін болады. Осылайша біз мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырамыз. Екіншіден, өзіміздің азық-түлік өнімдеріміздің мүддесін өзге мемлекеттердің нарықтарында қорғауымыз керек. Сондықтанда импорттың үлесін азайту,  баж салығын төмендету және басқа да кедергілерді алып тастау мақсатында келіссөздер жүргіземіз. Стратегияның үшінші тиімді тұсы, егер біз өзімізде өндірілмейтін тауарды анықтап жатсақ, осы саланы өркендету үшін инвестиция тартамыз, жобаны индустрияландыру картасына енгіземіз», - деп М.Майкенов өз ойын толықтырды.




Яндекс.Метрика