Ұлтаралық бірлік

«Мәңгілік ел» - Қазақстандағы барлық этностар мәдениетінің тең даму идеясы - А. Башмаков

«Мәңгілік ел» Концепциясы Қазақстандағы барлық этностар мәдениетінің тең дамуының идеясы, деп Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казактар ұйымы ассоциациясы» ҚБ төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 13:13

«Менің ойымша, «Мәңгілік ел» - бұл біздің елімізде тұратын барлық этностар мәдениетінің тең әрі өзара дамуының ізгі идеясы. Бұл біздің ұлттық идеямыз болуға тиісті жұмылдырушы философия», - деді ол.

«Өткен жылы Қазақстан халқы Асамблеясы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан толеранттылық кафедрасын ашқан болатын. Бұл өте жақсы идея. Сондай-ақ, Астанада этносаясат, ұлттық қарым-қатынас  тақырыбы бойынша жұмыс істейтін  журналистерге конференция өтті. Меніңше, бұл журналистика саласындағы ең нәзік тақырып», - деді А. Башмаков.

Сондай-ақ, ол  Президенттің барлық жолдауларын, 10 ұсынысы мен «Мәңгілік ел» идеясының 7 тұжырымдамасын формула ретінде, қолданбалы және дүниетанымдық құжат ретінде топтастыратындығын айтты.

«Президент Назарбаев үшін экономика – бұл әдіс. Мемлекет басшысы үшін ең бастысы - адам, оның жан-дүниесі.Осы тарапта мен, дүниетанымдық міндеттерге қатысты проблемаларды алдыңғы қатарға қояр едім. Бұл біздің ішкі әлемімізді қалыптастыратын бірден-бір инструмент. Ол әлемдік өзгерістерді «Мәңгілік ел» концепциясы арқылы қабылдап, дамыту қажет», - деді депутат.

 





Яндекс.Метрика