Халықаралық интеграция

Бразилияда қазақстандық дипломаттар ҚР Президентінің Жолдауына арналған брифинг өткізді

Бразилиядағы ҚР Елшілігінде, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған арнайы брифинг өткізілді, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде29 Қаңтар , 12:50

«Іс-шара барысында, Бразилия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшісі Б.Ордабаев қатысушылардың назарын «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарына аударта отырып, Елбасының Жолдауымен толыққанды таныстырды», - делінген хабарламада.

Брифингке қатысушылар Қазақстан Президентінің халқына Жолдауындағы экономика, энергетика, инновация, ғылым және т.б. маңызды бағыттарға қызығушылық танытып, онда қойылған міндеттердің белсенді, өз уақытында орындалып, оларға қол жеткізудің қағидаттарының нақтылығын атап өтті.

Сондай-ақ,  шара  барысында дипломатиялық миссия басшылары мен басқа да қатысушылар Қазақстан – саяси және экономикалық реформаларды іске асыруда өзінің ойлылығы және қырағылығымен үлгі көрсетуші, ТМД кеңістігіндегі жетекші елдердің бірі екендігін атап өте отырып, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін қысқа мерзімдегі жетістіктерін жоғары бағалады.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясының БФР-дағы Елшісі С.Акопов Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің іске қосылуы – бразилиялық кәсіпкерлерге Қазақстан мен оның аталған серіктестіктерімен іскер және сауда қарым-қатынастарын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашатынына назар аударды.




Яндекс.Метрика