Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ЭКСПО-2017 көрмесіне қарсы «СКАТ» әуе компаниясы Алматыдан Астанаға 30 жаңа әуе бағытын ашады –Д.Хамзин

ЭКСПО-2017 көрмесіне «СКАТ» әуе компаниясы Алматыдан Астанаға 30 жаңа бағыт ашады, деп мәлімдеді «Cargo Aviation Day-2014» дөңгелек үстелінде «СКАТ» әуе компаниясы даму вице-президенті Дәулет Хамзин.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:23

«Компанияның даму жоспарында алдағы 7 жыл ішінде 6 борт пен флотты толтыру қарастырылған. Менің ойымша, біз өзіміздің ұшу географиямызды кеңейтіп, соның ішінде Астана-Алматы бағытына көп көңіл бөлеміз. ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында «СКАТ» әуе компаниясы Алматыдан Астанаға 30 жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Осыған орай аталмыш бағыттағы жүк тасымалын да дамытатын боламыз», - дейді Д.Хамзин. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда компания жүк тасымалында айтарлықтай даму үстінде емес. Бұған себеп компанияның негізінен аз адамдық тарфюзельажды ұшақтарды пайдалануы.

«Алдағы уақытта компанияның кадр бағытын дамыту бойынша нақты бағдарламаны құруды жоспарлап отыр. Бәрінен бұрын сату желілері мен жүк тасымалы кезінде электронды сату жүйесін енгізуді дамытуға бағытталатын болады», - дейді вице-прзидент.

Сонымен қатар, бүгінде «СКАТ» әуе компаниясы 2 жаңа жобаны қолға алуда. Олар жүк тасымалын дамытуға бағытталған.

«Бұл бәрінен бұрын меншік иесі біз болып табылатын Тараз қаласындағы әуежайдың жөндеу жұмыстары мен құрылысы, сонымен қатар Қазақстан інінде, Орта Азия мен Таяу Шығыста өңірлік жүк тасымалдаумен айналысатын жаңа жүк әуе компаниясын құруды дамыту», - дейді Д.Хамзин. 




Яндекс.Метрика