Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қызылорда облысында еңбек нарығында сұранысқа ие 28 мамандық анықталды

Қызылорда облысында еңбек нарығында сұранысқа ие 28 мамандық анықталды, деп хабарлайды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Қызылорда29 Қаңтар , 11:57

«Еңбек нарығына сараптама жасалып, сұранысқа ие 28 мамандық түрі анықталды. Олар тау рудасы, геологиялық барлау, геодезия және картография, туризм мен қонақ үй бизнесі және басқалары», - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар, еңбек резервін құруда тепе-теңдікті сақтау кезінде өңірдің өнеркәсіптік даму болашағы да ескерілді. Алдағы жылдары облыста әйнек және цемент зауытын салу жоспарланып отыр және металлургиялық, балық кластерлері құрылмақ.

Айта кету керек, 2013-2014 жылдары 123 ауыл түлегі аталмыш мамандықтар бойынша Қазақстанның ЖОО-да облыс әкімінің тегін оқу грантын жеңіп алды.

Келер жылы, әкімнің айтуынша, грант көлемі көбейітіліп, 300-ге жеткізілмек. Талапкерлер сонымен қатар, Ресей оқу орындарында да білім алу мүмкіндігін иеленбек.




Яндекс.Метрика