Өңірлер

Р.Абдусаламов: ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы нені, қайда және қалай экспорттау керек деген үш сұраққа жауап береді

ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы нені экспорттау керек, қайда экспорттау керек, және қалай экспорттау керек деген үш сұраққа жауап береді. Бұл туралы бүгін стратегияны талқылау барысында ҚР ҰКП халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Рустам Абдусаламов мәлім етті.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 11:53

«Нені, қайда және қалай экспорттау керек деген үш сұраққа жауап беретін  Ұлттық экспорттық стратегия ҮИИД-2 бағдарламасы аясында дайындалуда. Әрине аталған сұрақтарға жауап беру үшін өндіріс иелеріне арнайы құжат керек. Осы мақсатта, ҚР ҰКП стратегияны бизнес өкілдерімен бірге талқылауды ұсынып отыр. Біз ашық жұмыс істеу арқылы бизнеске ҚР ҰКП алаңында көптен күткен жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатыны туралы жеткізгіміз келеді», - деді Р. Абдусаламов.

Оның айтуынша, Қазақстан КО және БЭК шеңберінде бәскелестікті қатайту аясында бірқатар шараларды қабылдау керек.

«Дәл казір біз осы салада жұмыс істеп жатырмыз. 2020 жылға қарай ҚР ұлттық экспорттық стратегиясы отандық бизнеске көмектесетін ең маңызды құжат болады», - деп Р. Абдусаламов өз ойын толықтырды.

Айта кетерлік жайт, құжатты қабылдау 2014 жылдың мамыр айына белгіленген.  Жасыратыны жоқ, Елбасы дайын өнімді экспорттау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін кешендік жүйені қалыптастыруды тапсырған. 

Естеріңізге сала кетейік, ҮИИД-2 бағдарламасы аясында дайындалған ҚР ұлттық экспорттық стратегияны ҚР ИЖТМ қазақстандық және шетелдік сарапшылармен бірлесе жасады.  Стратегияны жасаушылардың айтуынша, бүгінде жоба мемлекеттің өндіріс саясатында өзіндік орнын алатын болады.





Яндекс.Метрика