Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы Қазақстан Монреалдық конвенцияға қосылады – А.Бектұров

Қазақстан 2014 жылы 1999 жылғы Монреалдық конвенцияға қосылады. Бұл жайлы «Cargo Aviation Day-2014» дөңгелек үстелінде ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:35

«Біз қазір «KAZLOGISTICS»-пен бірігіп e-freight бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Барлық қажетті өзгерістер мен қаражатты біз салуға дайынбыз. Заңнамалық базаға келер болсақ, соңғы кездері біз авиациялық заңнамаға үлкен өзгерістер енгіздік және алдағы уақытта да өзгертетін боламыз. Біз қазір 1999 жылғы Монреалдық  конвенциямен Қазақстанды біріктіру жұмыстарын қолға алдық. Аталмыш бағыттағы жұмыстар келер жылы аяқталады, қазір конвенция мемлекеттік органдардың келісімін алып жатыр», - дейді А.Бектұров.

Сонымен қатар, шара барысында мультимодельдік тасымалдауға бірыңғай электрондық құжаттар құру саласында Қазақстанның «KAZLOGISTICS» тасымалдаушылар кеңесі мен Азаматтық орталығы, инновациялық орталығы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою жоспарланды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада авиациялық жүк тасымалы, жүк хабын құрудағы экономикалық, герграфиялық және заңнамалық алғышарттарды құру, әуе тасымалындағы заманауи технологиялар, Қазақстанда жүк әуепаркі даму стратегиясының әлемдік тенденциясы мен болашағы талқыланған «Cargo Aviation Day 2014» басталды.




Яндекс.Метрика