Өңірлер

Ақмола облысында 2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асады

Ақмола облысы Ақкөл ауданында 2014 жылдың екінші жарты жылдығында жұмыртқа мен ет өндіру үшін құс фабрикасы салынады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола29 Қаңтар , 11:20

« «Үш бұлақ-2005» серіктестігі 2 млрд 300 млн теңгенің ірі жобасын жүзеге асырады. Құрылыс кезеңінде 50 жұмыс орны ұсынылып, қолданысқа беру кезінде тағы 80 жұмыс орнымен қамту жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, құс фабрикасы заманауи құс фабрикасының үлгісі», - делінген хабарламада.

Кешен  құрамына жылына 90 млн жұмыртқа өндіретін инкубатор, жылына 270 тонна шығаратын өңдеу кешені, әкімшілік және тоңазтқыш қоймалары енеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 112 млн теңгенің қажетті инфрақұрылымы жүргізілуде.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес 90 пайыз дайындықты құрап отыр. 




Яндекс.Метрика