Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2013 жылы ҚР-да авиациялық көлікпен 24 мың тонна жүк тасымалданды – А. Бектұров

Қазақстанда 2013 жылы авиациялық көлік арқылы 24 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы «Cargo Aviation Day - 2014» дөңгелек үстелінің барысында Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:07

«Біз соңғы жылдары авиация және жүк тасымалдау бойынша алға жылжыдық. 2012 жылы авиациялық көлік арқылы 19 мың, 2013 жылы 24 мың жүк тасымалданды. Бұл өсім жолаушылар көлігімен тасымалданған жүктен де көп. Біз ісімізді одан әрі дамытып, серіктестерімізбен біріге жұмыс істеп, жаңа идеяларға көшуге дайынбыз», - деді А. Бектұров.

Бүгін Астанада «Cargo Aviation Day - 2014» дөңгелек үстелі басталды. Жиын барысында әлемдік тенденциялар мен облыстағы авиациялық жүк тасымалдау, географиялық, экономикалық және заңды жүк хабтарын құру, авиациялық тасымалдау үшін заманауи технологияларды қолдану, Қазақстандағы авиациялық жүк тасымалдаудың даму стратегиясы сынды сұрақтар талқыланды.

Шара ұйымдастырушылары: ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көліктерінің кеңесі және Әуе көлігінің қауымдастығы.

Жұмысқа  министрліктер мен комитет, ұлттық агенттік өкілдері қатысты.

 




Яндекс.Метрика