Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Алматы облысында ауылдық Мәдениет үйі қирандыдан қайта қалпына келтірілді

Талғар ауданының Қызыл ауылында бюджеттен бөлінген қаражатқа ауылдық Мәдениет үйі жаңадан салынды деуге болады.
Алматы21 Желтоксан , 00:00

Алматы облысында өткен ғасырдың 90-шы жылдары, күрделі қайта құру кезеңінде Талғар ауданы Қызыл ауылындағы Мәдениет үйі жеке тұлғаға сатылған болатын. Бір кездері жайлы күрделі ғимарат мақсаты бойынша пайдаланылмай, біртіндеп толығымен жарамсыз болып қалған. Ауыл тұрғындарының көз алдында ғимараттың қирандысы ғана қалған. 

Жергілікті тұрғындар активистердің бастауымен Мәдениет үйін қоғамға қайтаруды шешті. Ғимарат иесімен ұзақ хат-хабар алмасудан және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ұзаққа созылған сот дауларынан кейін олар ғимаратты, дұрысы, ғимараттан қалған қирандыны аудан қарауына қайтарып алды. 

Аудандық бюджет қаражатынан оны қалпына келтіруге 137 миллион теңгеден астам мөлшерде ақша қаражаты бөлінді. Күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары 2012 жылдың 1 маусымында басталды. 

Мәдениет үйінің ауданы шамамен 1500 шаршы метр. Онда 240 орындық кішкене көрермен залы, кітапханаға арналған бөлме, бимен, әнмен шұғылдануға, сондай-ақ музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету үйірмесіне арналған бөлмелер бар. 

Мәдениет үйінің ашылуына осы уақыт бойы құрылыс барысын бақылаған жергілікті тұрғындар түгелдей жиналды. Қонақтар қатарында Социалистік Еңбек Ері Ыдырыс Әбдіғұлов, ьалғар ауданының құрметті азаматтары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері болды. 

Шарлармен безендірілген фойеде оларды қазақ ұлттық киімдерін киген қыздар қарсы алды. Осы жерде Бақыт Омарова басқаруымен музыкалық халық аспаптар оркестрі қазақ күйлерін орындады.




Яндекс.Метрика