Инвестициялар

Жезқазғанда алдағы бес жылда 16 инвестициялық жоба жүзеге асады

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында алдағы бес жылда 16 инвестициялық жоба іске асырылады.
Қарағанды 29 Қаңтар, 11:00

Жезқазғандағы жаңа кәсіпорындар 2014-2018 жылдар аралығында құрылады. Еліміздің мыс астанасында барлығы 16 инвестициялық жоба іске асырылады. Жобалардың жалпы құны 8 млрд. 353 млн. теңге болса, бір жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашалады.

Мәселен, «Жезказган Сүт и К» ЖШС ультрапастерленген сүт өндірісін бір жолға қоймақшы. Осылайша серіктестіктің өнім түрлері артып, өндіріс толығымен жаңартылатын болады.  Жоба құны 120 млн. теңге. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының араласуымен инвестиция көлемі 95 млн. теңгеге жетеді. Бүгінде қажетті техниканы жеткізіп берушілер нарығы толығымен зерттелген. Жаңа өнімді мыс рудасына бай өңірде сату көзделуде.  Жоспар бойынша зауыт жарты милионға жуық литр сүтті өндіреді деп күтілуде.

«Ұлытау Флора» АТК құны 229,5 млн. теңгені құрайтын  «Жылыжай шаруашылығын құру» бойынша жобаға ұйытқы болды.  Моноқалаларды дамыту бойынша инвестиция көлемі 182 млн. теңгеге жетеді. Бұл жерде қазіргі таңда үш жылыжай жұмыс істеп жатса, тағы да 12 жылыжай мен көкөністерді сақтау қоймалары пайдалануға беріледі. Монақалаларды дамыту бағдарламасы пайыздық үстем ақыны субсидиялауға мүмкіндік береді. Осылайша оның пайыздық үстем ақысының көлемі тиімді төмендетіледі. Жалпы, «Ұлытау Флора»  өңірде жылына 182 тоннаға дейін көкөніс, 1 тонна көксөк, 460 мың дана гүлді өсіреді.

«Самға» ЖШС диаметрі әртүрлі құдық сақиналары, қабырға мен іргетас блоктарын, құйылған жабынды плиталарының  өндірісін қолға алмақшы. Жоба құны- 35 млн. теңге. Бүгінде осы зауытқа қажетті технологияларды алып келу үшін келесім шартқа қол қойылып қойған.

 Фракциялық кесек кірпіштерін өндіру үшін ұнтақтағыш-сұрыптау кешенін салумен «DEBIRS» ЖШС айналысады. Ілкімді істің құны 581 млн. теңгеден асады. Бүгінде жобаны бірлесе жүзеге асыру үшін компания «Сарыарқа» ӘКК келісім шартқа отырды. Сондай-ақ,  дайын өнімді сату бойынша алдын ала келісімдер де жасалған. 

Ал, «Mustang servis 2030» ЖШС жобасы Қазақстан мен шетелдік таукенорындарына өндірісте қажетті қосалқы бөлшектерді даярлауға арналған зауытты салмақшы. Мұнда роликтер, конвейерлердің ролик тіреуіштері, үймектер, үймек тегершіктері, флотмашиналарының камералары, металл контрукциялары жасалады.  Өндіріс жылыны 5000 өнім шығаруға негізделген. Жобаның жалпы құны  - 107 млн. теңге. Дәл осы компания шиналар мен рәзеңке техникалық бұйымдарды пайдалану зауытын салуға ниетті. Осыған орай рәзеңке қиындылары, жабындылар мен төсеуіштер жекешелендіріледі. Жобаның құны 557 млн теңге. Бүгінде құрылыс жүргізілетін жер телімі анықталу үстінде. Шикізатты тасымалдау мен тұтынушыларға дайын өнім жеткізу келісімі жасалып қойылған.

«Mustang servis 2030» темір бетон бұйымдары үшін де материалдарды өндіреді. Олар өндіретін өнімнің негізгілері топырақ, балласт, елеу мен қиыршық тас. Еспе материалдарының сұрыптау кешені салынады. Қазіргі таңда керекті құрылғылар алынып қойылған. Жоба «Сарыарқа» ӘКК-мен бірігіп қолға алынады.

Аталмыш компанияның тағы бір жобасы - темір бетон бұйымдары зауыты. Мұнда шығыршық, борюр, қабырға блоктары өндірілетін болады. Жобаның құны 90 млн теңге. Қазір таңда құрылыс жасалатын жер телімі анықталып жатыр.

«Mustang servis 2030» жылу энергиясы өндірісі мен Шұбаркөз разрезі көмірінен дикерсила алуға бағытталған жұмыстарымен де айналысуда. Аталмыш өнім Қазақстанның ішкі нарығымен қатар, Ресей мен Қытайға тасымалданады. Жоба құны 688,5 млн теңге. Техникалық-экономикалық негізі дайындалып, толық циклді қондырғыларды алудың алдын ала келісімшарты Қазақстан мен Украинада жасалды. Шұбаркөл көмірінің жылдық қолжетімді көлемі 200 мың тоннаны құрайды. Барлық өнімді іске асыру бойынша алдын ала келісімдер жасалған.

Көрсетілген қызметтер түрін кеңейту арқылы «LAVANDA» химиялық-тазалау өндірісі де жаңғыртылады. Жобаның құны 100 млн теңге. Тұтынушылар нарығы негізінен Жезқазған, Сатпаев пен Ұлытау аудандары. Тасымалдаушылар нарығы зерттелген. Жобаның ерекшелігі сонда, онда бұйымдардан басқа кілем бұйымдары да тазартылады. Енді 300 шаршы метрлік құрылыс базасын жүргізетін жер теліміне деген қажеттілік туындап отыр.

«Қазтехфильтр» корпустық фильтрлер өндірісі кәсіпкерлігі екінші кезекте құрылыс жүргізуді көздеп отыр. Мұнда құрылғылар нарығы зерттелуде.

«Жезжайлау» мәдени-сауықтандыру кешені мен «Мейірім» мейрамханасы құрылысы жобалары ерекше архитекторлық шешімдерге ие болды.

Ал, жаңа кондитерлік цех бір жылда 30 тонналық нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді шығаратын болады. 

3000 гектар жерге «BULL» ЖШС картоп пен өзге де дәнді-дақылдарды егуге ниетті. «Өркендеу» ЖШС романов тұқымдас қойларын асырау бойынша мал шаруашылығын қолға алуда. Жоба қуаттылығы жылына 1200 тонна ет, 360 тонна жүн, 35000 тонна тері өндірмек. Бұл аталмыш саладағы ең ірі жобалардың бірі. Мұнда 350 адам жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, Жезқазғанда мемлекеттік қолдауды қажет ететін өнімді сату ұсыныстары мен мәселелері, кадр тапшылығы, кепіл мүліктіктің жаңартылуы, кеңейтілуі мен жаңғыртылуы мәселесі зерттелген  болашағы мол және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне сараптама жасалды. Шағын және орта бизнес субъектілері әлеуеті моноқаланың жарқын болашағынан хабар береді.





Яндекс.Метрика