Өңірлер

2014 жылғы Жолдау елдің демократиялық дамуында үлкен маңызға ие – М.Қалиева

Заманауи процестер жүйесінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы елдің демократиялық дамуында үлкен маңызға ие. Стратегиялық мағынасы ұлттық дүниетаным мен ұлттың құндылықтардың сақталуын қаматамасыз етеді. Ұлттық мемлекеттіліктің нығаюы мен келісімге қол жеткізіліп, Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекттік қалыптасуындағы өткен, қазіргі мен келешектің бірлесуі керек, дейді саяси ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры Марал Қалиева.
Астана қаласы29 Қаңтар , 10:20

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында «Біз, қазақстандықтар, бір ұлтпыз. Біздің ортақ тағдырымыз – біздің «Мәңгілік еліміз», біздің ұлы Қазақстанымыз! «Мәңгілік ел» – ол біздің жалпықазақстандық ортақ үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы». Көпұлтты шарттарда өмір сүре отырып қазақстандық қоғамның ұлттық идеясы толеранттылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған құндылықтардың дүниетанымдық жүйесі ретінде саналады. Ол жалпыадамзаттық әмбебап құндылықтарды қамтиды. Ұлттық идея қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығы приципінің бұдан ары дамуы мен сақталуына жағдай жасайтын мемлекеттілік көздеріне негізделген», - дейді профессор.

Саяси ғылымдарының айтуынша, ұлттық идеяның ажырамас бөлшегі ұлттық өзіндік таным болып табылады. Ол демократиялық қалыптасудың барлық спектрлерін қамтып, онда Қазақсанның әлемдегі ең дамыған 30 елінің құрамына ену тұжырымдамасына сай, елдің даму тиімділігі мен динамикасы деңгейін көрсетеді. Ұлттық таным қазақстандық қоғамның даму бағыттарын анықтайтын тұрақтылық көрсеткіштерін танытады.

«ҚР Президентінің Жолдауында айтылғандай, «мемлекет құрушы және жалпыхалықтық құндылықтарға Жаңа Қазақстандық Патриотизм негіздері енгізілген». Осы орайда, қазақстандық қоғамның негізгі әлеуметтік-мәдени құндылығы ретінде Отанға деген махаббат сезімі, қоғамдағы өзара достық қарым-қатынас, тұлғаларды құрметтеу мен азаматтық жауапкершілікті айтуға болады. Осы құндылықтардың «Қазақстандық жол-2050» қоғамының демократиялық аспектілерінде түзілуі маңызды», - дейді ғалым.




Яндекс.Метрика