Өңірлер

Нақты және бір нүктеге тоғыстырылған даму векторының болуы қазақстандықтардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді - Т. Қалдыбаев

Елбасы өзінің қаңтарда шыққан халыққа Жолдауында барлық салаларды дамыту үшін стратегиялық тұрғыда қарау керек деп атап өтті. Осы ретте нақты және бір нүктеге тоғыстырылған даму векторының болуы қазақстандықтардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, деп «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры Тимур Қалдыбаев ағынан жарылды.
Казахстан29 Қаңтар , 09:50

«Ең маңызды бағыттардың бірі тұрғын үй мәселесін шешу болып табылады. Дәл осы проблеманы шешуге 2012 жылы өз бастауын алған «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы арналған. Мемлекет басшысы нақты тапсырма беріп, өз сөзінде: «Жыл сайын елімізде көлемі 6 млн. шаршы метрді құрайтын жаңа баспаналар пайдалануға беріледі. Бірінші кезекте біз жарты милионнан астам жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуіміз керек. Осы проблеманы шешу жолында жалға берілетін пәтерлердің көлемі 1 млн. шаршы метрге жеткізуіміз керек», - деді Тимур Қалдыбаев.

Активтерді басқару департаменті директорының айтуынша, осы тапсырмаларды орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй құрылысына мамандандырылған көптеген институттарды, атап айтатын болсақ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ,  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және жергілікті билік органдарын тартты.

 «2013 жылдың соңына қарай   «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  Тараз және Ақтөбе қалаларында көлемі 32,5 мың шаршы метрді құрайтын екі  көп пәтерлі тұрғын үйді  пайдалануға берді. Дәл осындай мүмкіндікті, яғни, өзінің баспана базынасын шешуге 2014 жылы мыңдаған адамдар мүмкіндік алады.  Бұл дегеніміз, Елбасының берген тапсырмасын орындау мақсатында жасалған құтты қадам десекте болады», - деп Т. Қалдыбаев баса айтты.




Яндекс.Метрика