Өңірлер

2014 жылы ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 13 құс фермасын ашу жоспарланған

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 13 құс фермасының ашылуы жоспарлануда, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан29 Қаңтар , 09:30

«Ауданның барлық ауылында  13 құс фермасын ашу жоспарда бар. Шағын және орта бизнесті қолдау  аясында осындай шағын фермалар ашуға мүмкіндік туды», - делінген хабарламада.

Ауданда мал тұқымын асылдандыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылған. 2013 жылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып, 19-ға жеткізіліпті.

Айта кетейік, ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 2013 жылы өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 144,5 пайызға өсіп, 21 млрд. 183 млн. теңгені құрады.

Сондай-ақ, ауданда 25 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. 2013 жылы осы бордақылау алаңдарында күтімге қойылған мал 700 тоннаға жуық ет берген. 




Яндекс.Метрика