2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Жастар пайдалы және сұранысқа ие болулары тиіс – Қ. Көшербаев

Жастар пайдалы және сұранысқа ие болулары тиіс. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облысымыздағы ЖОО-ның студенттеріне кезекті дәрісі кезінде айты.
Қызылорда29 Қаңтар , 09:40

«Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы» тақырыбында кезекті дәрісін оқыды. Облыс әкімі еліміздің индустриалды-инновациялық даму қарқынына оң баға берді. Ол өз сөзінде жаңа фактордың іске қосылуын ұсынды. Әсіресе, арнайы білімнің жоғары сапасы, икемді еңбек нарығы, инвестициялық климат, жоғары технология, сондай-ақ тіректі елді мекендердің дамуы, мәдени мұрамыздың сақталуы және ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына оң әсерін тигізетіндігі сөз болды», - делінген акиматта.

Қырымбек Көшербаев өңіріміздің дамуына мұнай-газ кеніштерін барлау және дайындаудың маңызы мен инновациялық технологияны қолдануда геологиялық қорының заманауи тәсілі туралы айтып өтті.

«Сапалы білім алуға ұмтылу керек. Өздеріңіздің болашақ мамандықтарыңызды аймақты дамытудың кез келген міндеттерін креативті, прогрессивті, инновациялық, шығармашылық, ойлы, кәсіби тұрғыда шеше алатындай, аймақтың өсіп-өркендеуі жөнінде өз ұсыныстарыңызды енгізе алатындай болып игеріп шығуларыңыз керек. Сіздер біздің аға ұрпағымыздың орнын лайықты түрде ауыстыра алатындай дайындалуларыңыз қажет. Мен сіздердің пайдалы және сұранысқа ие болғандарыңызды қалаймын», - деді аймақ басшысы.

 

 




Яндекс.Метрика