Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Алғашқы қазақстандық АЭС Ақтауда орналасады - «Қазатомпром» ҰАК

Қазақстанда алғашқы атомдық электр станциясы Ақтау қаласында орналасуы мүмкін, деп хабарлады «ҚазАтомПром» ҰАК» АҚ-ның инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Маңғыстау04 Наурыз , 00:00


«Станция салу жөнінде саяси шешім қабылданды. Дегенмен, бұл Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы алғашқы станция болуы мүмкін, себебі онда қызметкерлер құрамы, инфрақұрылым сақталған», - деді В.Шевелев.
Ұлттық атомдық компания өкілінің айтуынша, бірінші қазақстандық АЭС құрылысына халықаралық тендер жарияланып, сарапшыларды жұмылдырумен барлық ұсыныстар қаралады.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Н.Ә.Назарбаев «Қазатомпромға» энергия теңгерімін талдап шығуды және жарты жыл ішінде болашақ АЭС құрылысының орны бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырған болатын.  

«Қазатомпром» ұлттық атомдық компаниясы уран, сирек металдар, атомдық электр станцияларына ядролық отын, арнайы жабдықтар, қос мақсатты технологиялар мен материалдарды иморттау және экспорттау бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады.  

Қазатомпромның міндеті еліміздің ішкі және сытрқы нарықта бәсекеге қабілетті индустриялдық кешенін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-технологиялық саясатын жүргізу болып табылады.  
 
Компанияның 100% акциялары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры түрінде мемлекетке тиесілі. 




Яндекс.Метрика