Ұлттың денсаулығы

Қазақстанның барлық облыстарында жаңа кардиоорталықтар салып, әрекеттегілерінің жұмысын кеңейту керек – С. Ахметов

ҚР-да денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін кардиоорталық салып, әрекеттегілерді үлкейту керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов хабарлады.
Астана қаласы28 Қаңтар , 18:48

«Сөзсіз, біздің медицинада белгілі жетістіктер бар, біз оларды мақтан тұтамыз. Ал, олардың кейбіреуін революциялық деп атауға болады. Бұл органдарды ауыстыру бойынша күрделі кардиологиялық оталардың нәтижесі», - деді С. Ахметов.

Оның айтуынша, 2009 жылы елде 9 мың кардиохирургиялық ота жасалды, ал 2013 жылы 60 ота жүзеге асырылды.

«Дегенмен бізде тапшылық сезіледі себебі ота сұранысы 20 мың. Бұл істі нақты бағыттау үшін бізге   негіз қажет. Ол үшін барлық облыста кардиоорталықтарды көбейту қажет. Бізде әзірше олардың саны 10. Тек қана кардиоорталықтарды ғана емес, кардиокабинеттер мен заманауи қондырғылардың санын көбейту мақсаты бар», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, облыстарда медқызметкерлер ашық жүрекке ота жасай алатындай жағдай туғызу қажет.

Үкімет басшысы айтқандай, біздің ел үшін қауіпті жағдай түберкулезбен аурушылардың саны көбеюінде.

«Бізде жағдайды өзгертетін барлық мүмкіндік бар. Жағдайдың оң жаққа өзгеруі байқалады. 2003 жылы  165-170 адамға 100 болса, қазір 73 адамнан», - деді С. Ахметов. 




Яндекс.Метрика