Ұлттың денсаулығы

БҰДЖ негізінде стационарлық көмекті қаржыландыру көлемі 4 жыл ішінде 2 есеге артты – ДСМ

ҚР-да Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі негізінде стационарлық көмекті қаржыландыру көлемі 4 жылда 2 еседен артық көбейді. Бұл жайлы 2013 жылдың қорытындысы мен 2014 жылдың жоспары туралы Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қаңтар , 17:57

«Өздеріңізге мәлім, 2010 жылдан бастап елімізде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің пациентке бағытталған моделі енгізілді. БҰДЖ негізінде 4 жыл ішінде стационарлық көмекті қаржыландыру көлемі екі еседен артық өсті. Төлеу жүйесі, соның ішінде дәстүрлі дотациялық қызмет деңгейінде прогрессивті қаржыландыру әдістеріне алмастырылды. Ол өз кезегінде тиімді менеджмент болса халықтың денсаулығы бойынша медицина қызметкерлерінің жоспарлы көрсеткішке жетуіне ынталандырады», - деді министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, стационарлық төлеудің жаңа әдісі халықаралық деңгейде енгізіліп жатқан еліміздегі жаңа технологияларды дамыту механизмі болып табылады.

«3 жыл ішінде біз бауыр алмастырудан бастап жүрек алмастыру операцияларына дейін жасадық. Биыл донорлық органдарды кешенді салу технологиясын игеру жоспарланып отыр. Біз науқастырдың бұрындары тұрақты түрде шет елдерге емдеуге жіберіп келген ауру түрлерін емдеу қаражатын төлеу орталығының жұмысын қолға алудамыз. Енді төлем халықаралық тарифтермен жүзеге асырылады. Бауырды, бүйректі және де өзге де органдарды трансплантациялау бойынша көпжылдық кезек азая бастады. Біздің орталықтар осы технологияны игере бастады. Тек өткен жылдың өзінде біз 177 орган ауыстыру операциясын жасадық. Естеріңізде болса, 5 жыл бұрын біз бір-ақ  ота жасаған едік», - дейді Бас дәрігер.

Сонымен қатар, төсек қорын пайдаланудың төмен тиімділігі сақталып отыр. Әсіресе, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында.




Яндекс.Метрика