Өңірлер

Б. Жәмішев: Индустриялдық аймақтарды құру - шынайы өндірісті мемлекеттік ынталандырудың перспективалық құралы

Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев өңірлердегі индустриалды аймақтарды дамыту мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді, деп ӨДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе28 Қаңтар , 17:47

«Кеңес жұмысына облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, құрылыс басқармалары, облыстардың индустриалды-инновациялық дамыту өнеркәсіптерінің басқармаларының басшылары, облыстардың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары басқармаларының төрағалары және басқалар қатысты», - делінген хабарламада.   

Өңірлік даму министрі кеңес жұмысын аша келе бүгінгі таңда шынайы өндірісті мемлекеттік ынталандырудың перспективалық құралдарының бірі индустриялдық аймақтарды (ИА) құру болып табылатынын атап өтті.

«Жалпы, біздің елде индустриалды аймақтарды шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу қағидасы және өңірлерде жұмыс орындарын құруды арттыру бойынша құру қажет»,- деді Болат Жәмішев.

Болат Жәмішев кеңеске қатысушылардың ерекше назарын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының инустриалдық аймақтардың жұмыс істеуі бойынша бірыңғай жүйелі саясат құру бөлігіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға аударды.

Сонымен қатар, кеңес барысында индустриалды аумақтарды басқару рәсімдері, іске асыруға арналған жобаларды және құрылатын кәсіпорындарды орналастыру шарттарын іріктеу, еліміздің аумағында Қазақстан-Түрік индустриалды аймақтарын (ҚТИА) құру жөніндегі мәселелер талқыланды. 




Яндекс.Метрика