Ұлттың денсаулығы

ДСМ туберкулез ауруымен күрес бойынша 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспардың ведомствоаралық жобасын әзірледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туберкулез ауруымен күрес бойынша 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспардың ведомствоаралық жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомство басшысы министрліктің кеңейтілген отырысында хабарлады.
Астана қаласы28 Қаңтар , 17:50

«Бүгінде туберкулезбен күрес денсаулық сақтау саласы үшін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Еуропалық аймақтағы 18 мемлекеттің ішінде Қазақстан 7 орында. Туберкулездың тарауы бойынша Қазақстан әлемдегі 144 елдің ішінде басекеге қабілетті жаһандық индексі бойынша 107 орынға табан тіреген. Осы мақсатта біз  туберкулез ауруымен күрес бойынша   2014-2020 жылдарға арналған  ведомствоаралық кешендік жоспарды әзірлеп, Үкіметке жуық-арада бекітуге бердік», - деді С.Қайырбекова.

Оның айтуынша бағдарламаның алғашқы кезеңінде туберкулез дертінен көз жұмғандар саны 24,3%-ға төмендеген.

«Туберкулезге  қарсы ауруханалар материалдық-техникалық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен  толығымен қамтылған. Алайда емханаларды қоршау мәселесі көңіл көншітпейді.  Бүгінде осы сала бойынша  мәселелер Қостанай және Павлодар облыстарында ушығып тұр», - деп ведомство басшысы атап өтті.

Сонымен қатар,  инфекциялық бақылау талаптарына еліміздегі ТҚҰ тек 40% ғана сай келеді.




Яндекс.Метрика