Ұлттың денсаулығы

ДСМ медицина мекемелерінің жетекшілерін аттестациядан өткізуді ұсынуда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина мекемелерінің жетекшілерін аттестациядан өткізуді ұсынады. Бұл жайлы 2013 жылдың қорытындысы мен 2014 жылдың жоспары туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қаңтар , 17:30

«Ең бастысы, жекелеген медицина мекемелері жетекшілерінің әлсіз менеджменті жасалынған жағдай кезінде медицина қызметкерлерінің ақырғы нәтижеге қол жеткізуіне жетекшілік ете алмай отыр», - дейді Бас дәрігер.

Оның айтуынша, халықтың медицина қызметтеріне деген қанағаттану көрсеткіші әлі де болса төмен.

«Осыған орай, Серік Нығметұлы, жартыжылдық қорытынды  мониторингі бойынша стационарлар қызметі көрсеткішін кезеңдік аттестациядан өткізіп, мекемелер жетекшісін аттестациялауды ұсынамын. Және де олардың орынбасарларын да денсаулық сақтау реформасы талаптарына сай жүргізуді ұсынамын», - деді министр.

Айта кету керек, 2013 жылдың желтоқсан айында 2013-2016 жылдарға арналған денсаулық сақтау кадрлық ресурсын дамыту шаралары жоспары мақұлданған еді.

Сонымен қатар, 2013 жылы 2020 жылға дейінгі ҚР-ның медицина ғылымдарын дамыту тұжырымдамасы дайындалып , мақұлданған болатын. Ғылыми ұйымдар мен ЖОО-ын ғылыми және инновациялық қызметтері, ғылыми-медициналық сараптамаларды жүргізу ережесі бойынша тізімдеу әдістемесі дайындалды.




Яндекс.Метрика