Білім беру

Отандық білім мен ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету 2014 жылғы Жолдаудың басты артықшылығы - профессор А.Күрішбаев

Отандық білім мен ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету 2014 жылғы Жолдаудың әлеуметтік артықшылығы, деп есептейді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев.
Астана қаласы28 Қаңтар , 17:20

«Елбасының әр Жолдауы еліміздің даму динамикасын анықтайтын тарихи құжат. Ағымдағы жылдың «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосылуы бойынша стратегиялық бағдарлама болып табылады. Оның ішінде әр сала бойынша мемлекеттің  даму кешендері қарастырылып, шағын және орта бизнесті дамыту  экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін негізгі құрал деп атап өтілген», - деді Ақылбек Күрішбаев.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры атап өткендей, отандық білім мен ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету 2014 жылғы Жолдаудың басты артықшылығы.

 «2050 жылға дейін Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салаларын дамытуда сапасы жоғары білім жүйесін қалыптастыру және қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру басты бағыт болып табылады.  Осы ретте Жолдауда ұлттық білім мен ғылымның әр сатысында нақты шараларды жүзеге асыру және қаржыландыру көрсеткішін ЖІӨ 3 % қамтитындай дәрежеге жеткізу көзделген. Өз кезегінде мұндай шаралар саланың дамуына тың серпіліс алып келері даусыз», - деп Ақылбек Күрішбаев ағынан жарылды.

Профессордың айтуынша, Елбасының халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында есептейді   С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ағымдағы оқу жылы ғылымды дамыту жылы болып  жарияланды.  

«Мемлекет бсшысының тапсырмасы бойынша,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан әлемдік деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу орталығы бой көтереді. Бұл біздің Президенттің Жолдауында атап көрсеткен міндеттерді жүзеге асырудағы өзіндік үлесіміз болады», - деді Ақылбек Күрішбаев.




Яндекс.Метрика